БОЙЫ: сол бойы [бойымен]

lat: BOIY: sol boıy [boıymen]

Сол қалпымен, сол бетімен, сол күйінде.

О, Ақтан жас, Ақтан жас!

Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Ел шаңына ере алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Мардан сол бойымен жаяулап жылқыға келіп, күндегідей жылқыны күзеткен жоқ (І.Жансүгіров, Шығ. жин.).